1. Бағдарлама паспорты
Атауы:
2025–2029 жылдарға арналған мектептің даму бағдарламасы
Әзірлеу үшін негіздеме:
- ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығы
- ҚР БҒМ-нің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығы
- ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі №399 бұйрығы
- ҚР Оқу-ағарту министрінің №130 бұйрығы
Негізгі әзірлеуші:
«№1 Заречный жалпы білім беретін мектебі» КММ әкімшілігі, педагогикалық кеңес.
Іске асыру мерзімі:
2025–2029 жылдар
2. Кіріспе
Мектеп – ауылдық елді мекендегі әлеуметтік-мәдени орталық. Мектептің басты миссиясы – сапалы білім берумен қатар ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға сүйене отырып, тұлғаны жан-жақты дамыту.
Бұл бағдарлама мектептің 2025–2029 жылдарға арналған стратегиялық дамуын жүйелі негізде жоспарлап, сапалы білім беру, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, цифрландыруды жетілдіру, оқушылардың қабілеттерін дамытуға бағытталған.
3. Ағымдағы жағдайға талдау
3.1. Негізгі деректер
- Оқушылар саны: 702
- Педагогтер саны: 76 (1 шебер, 13 зерттеуші, 21 сарапшы, 31 модератор, 11 санатсыз)
- Орташа білім сапасы: 2024–2025 ж. – 63%
- Инфрақұрылым: 3 компьютер кабинеті, 1 STEM зертханасы, 3 спорт залы, кітапхана, интернет бар
- EdTech: Bilim class, Google Workspace қолданылады
3.2. SWOT-талдау
| 1. Кадрлық ресурстарды дамыту | ||||
| Мықты жақтары | Осал жақтары | Мүмкіндіктер | Қауіптер | |
| Жоғары санатты мұғалімдер (шебер, зерттеуші, сарапшы санаттары бар) | Жас мамандардың тәжірибесі жеткіліксіз | Lesson Study, Action Research енгізу | Бәсекелестік мектептерге кадрлардың кетуі | |
| Педагогтердің курстық даярлықтан өтуі | Цифрлық құзыреттіліктің жеткіліксіздігі | Біліктілікті арттыру курстары, онлайн оқыту | Жас мамандардың тұрақтамауы | |
| Жас мамандар тартылып жатыр | Зерттеушілік дағдылар әлсіз | Жас мұғалімдерге менторлық қолдау | Қаржылық қолдау аздығы | |
| 2. Материалдық-техникалық база | ||||
| Мықты жақтары | Осал жақтары | Мүмкіндіктер | Қауіптер | |
| STEM зертханасы бар | Кей кабинеттер ескірген | Жабдықтауға демеушілер тарту | Қаржыландыру жеткіліксіздігі | |
| Компьютер кабинеттері бар | Жаңа құралдарды меңгерген мамандар аз | МЖӘ арқылы жобалар іске асыру | Экономикалық дағдарыс | |
| Интерактивті тақталар бар | Қолданыстағы базаны толық пайдалану деңгейі төмен | Жаңа EdTech құрылғыларын енгізу | Электр және интернет тұрақсыздығы | |
| 3. Ақпараттық ресурстар және цифрландыру | ||||
| Мықты жақтары | Осал жақтары | Мүмкіндіктер | Қауіптер | |
| Электронды журнал (Bilim class) қолданылады | Мұғалімдердің бір бөлігі ІТ құзыреттілігі төмен | Google Workspace, Padlet, Jamboard қолдану | Кибершабуылдар қаупі | |
| Bilimland платформасы бар | EdTech құралдары толық енгізілмеген | SAMR, TPACK модельдері бойынша цифрландыру | Ата-аналардың цифрлық мәдениеті төмен | |
| Интернет желісі бар | LMS (оқу платформасы) жоқ | LMS енгізу | Ақпараттық қауіпсіздікті сақтамау | |
| 4. Әдістемелік шарттар | ||||
| Мықты жақтары | Осал жақтары | Мүмкіндіктер | Қауіптер | |
| Әдістемелік бірлестіктер жұмыс істейді | Инновациялық әдіс аз қолданылады | Авторлық бағдарламалар әзірлеу | Бағдарлама талаптарының жиі өзгеруі | |
| Пән мұғалімдерінің тәжірибесі мол | Lesson Study аз топта жүргізіледі | Зерттеу мәдениетін дамыту | Мұғалімдердің әдістемелік жүктемесі көп | |
| Электив курстар бар | Кросс-пәндік сабақтар жеткіліксіз | Интеграцияланған сабақтар өткізу | Уақыт тапшылығы | |
| 5. Білім беру мазмұны және сапасы | ||||
| Мықты жақтары | Осал жақтары | Мүмкіндіктер | Қауіптер | |
| Ұлттық құндылықтарға негізделген пәндер бар | Функционалдық сауаттылық төмен деңгейде | Оқу мазмұнын жаңғырту | Бағалау жүйесінің жиі өзгеруі | |
| Білім сапасы 63% деңгейінде | Оқу бағдарламаларын орындауда біркелкілік жоқ | Оқушыларды жобалық оқуға тарту | ҰБТ нәтижелерінің төмендеуі | |
| Жыл сайын мониторинг жүргізіледі | Инновациялық әдістер аз қолданылады | Жаратылыстану-математикалық бағытты күшейту | Оқушылардың мотивациясының төмендігі | |
| 6. Оқушылардың қабілеттерін дамыту | ||||
| Мықты жақтары | Осал жақтары | Мүмкіндіктер | Қауіптер | |
| Дарынды балалар бар | Оқушылардың барлығы қамтылмаған | Олимпиада, ғылыми жобаға қатыстыру | Қаржыландыру тапшылығы | |
| Жобалық жұмыстар ұйымдастырылады | Мотивацияның жеткіліксіздігі | Зияткерлік сайыстарға қатысу | Бәсекелестік мектептердің артықшылығы | |
| Үйірмелер жұмыс істейді | Үйірмелердің саны шектеулі | Шығармашылық үйірмелерді кеңейту | Оқушылардың бос уақыты жеткіліксіздігі | |
| 7. Тәрбие жұмысы және мектеп мәдениеті | ||||
| Мықты жақтары | Осал жақтары | Мүмкіндіктер | Қауіптер | |
| Рухани-адамгершілік тәрбие жолға қойылған | Оқушылардың өзін-өзі басқаруы әлсіз | «Оқушы дауысы», «Сенім бұрышы» жобалары | Буллинг жағдайларының туындауы | |
| Азаматтық-патриоттық іс-шаралар өткізіледі | Жүйелі мониторинг жоқ | Ұлттық код апталығы, этно-мәдени жобалар | Ата-аналардың аз қатысуы | |
| Тәрбие іс-шаралары жүйелі өтеді | Тәрбиелік шаралардың тиімділігі әркелкі | Қоғаммен байланыс орнату | Жастар арасында интернетке тәуелділік | |
| 8. Салауатты өмір салты және қауіпсіздік | ||||
| Мықты жақтары | Осал жақтары | Мүмкіндіктер | Қауіптер | |
| 3 спорт залы бар | Спорттық үйірмелер аз | Жаңа спорт секцияларын ашу | Қаржылық қиындықтар | |
| Дене шынықтыру мұғалімдері тәжірибелі | Медициналық бақылау жеткіліксіз | «Салауатты ұрпақ» бағдарламасын енгізу | Балалардың денсаулығына қауіп (интернетке тәуелділік, семіздік) | |
| Мектеп асханасы жұмыс істейді | Ас мәзірі толық құнды емес | Дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру | Санитарлық нормалардың сақталмауы | |
4. Миссия, пайым, құндылықтар
Миссия:
«Әрбір оқушының әлеуетін ашып, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға сүйене отырып, сапалы білім беру арқылы шығармашыл, жауапты азамат қалыптастыру.»
Пайым:
2029 жылға қарай мектеп – зерттеушілік мәдениеті орныққан, инновациялық технологиялармен жабдықталған, оқушы әлеуетін дамытуға жағдай жасайтын білім беру орталығы болады.
Құндылықтар:
- Ұлттық құндылықтар
- Инновация және үздіксіз даму
- Әділдік және ашықтық
- Ынтымақтастық пен сенім
- Оқушыға бағытталған білім
5. Стратегиялық мақсаттар мен міндеттер
Мақсаттары:
- Білім сапасын тұрақты арттыру
- Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру
- Цифрлық және инновациялық мәдениетті қалыптастыру
- Оқушылардың қабілеттерін дамыту
- Мектептің корпоративтік мәдениетін нығайту
- Салауатты өмір салты мен қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету
Міндеттері:
- Lesson Study, Action Research негізінде зерттеу мәдениетін орнықтыру
- SAMR, TPACK үлгілері бойынша цифрландыруды енгізу
- Оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру
- Оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту
- Ұлттық тәрбие жүйесін күшейту
- Салауатты өмір салтын насихаттау
6. Стратегиялық бағыттар
- Кадрлық ресурстарды дамыту
- Материалдық-техникалық база
- Ақпараттық ресурстар және цифрландыру
- Әдістемелік шарттар
- Білім беру мазмұны және сапасы
- Оқушылардың қабілеттерін дамыту
- Тәрбие жұмысы және мектеп мәдениеті
- Салауатты өмір салты және қауіпсіздік
7. Нысаналы индикаторлар
| Орта білім беру ұйымының даму бағдарламасының мақсатына нысаналы индикаторлары | |||||||
| Нысаналы индикаторлар | Өлшем бірлігі | ФАКТ | 2025 жыл | 2026 жыл | 2027 жыл | 2028 жыл | 2029 жыл |
| 1-мақсат: Білім сапасын арттыру | |||||||
| Білім сапасы | % | 63% | 65% | 68% | 70% | 72% | 75% |
| Орташа балл (жылдық бақылау) | балл | 3,9 | 4 | 4,1 | 4,2 | 4,3 | 4,4 |
| 2-мақсат: Кадрлық әлеуетті дамыту | |||||||
| Lesson Study/Action Research қолдану үлесі | % | 20% | 30% | 40% | 55% | 65% | 70% |
| Зерттеу жобаларының саны | жоба | 2 | 5 | 7 | 8 | 9 | 10 |
| 3-мақсат: Цифрландыру | |||||||
| Мұғалімдердің EdTech қолдануы | % | 40% | 60% | 70% | 80% | 90% | 100% |
| Электрондық сабақ жоспарларының үлесі | % | 30% | 50% | 60% | 75% | 90% | 100% |
| 4-мақсат: Білім беру мазмұнын жетілдіру | |||||||
| Авторлық бағдарламалар саны | бағдарлама | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| Кросс-пәндік жобалар саны | жоба | 1 | 3 | 5 | 6 | 7 | 8 |
| 5-мақсат: Оқушы шығармашылығы мен қабілетін дамыту | |||||||
| Оқушылардың ғылыми жобалар саны | жоба | 5 | 8 | 10 | 12 | 13 | 15 |
| Шығармашылық үйірмелер саны | бірлік | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 12 |
| 6-мақсат: Тәрбие және мектеп мәдениеті | |||||||
| Тәрбие іс-шараларына қатысатын оқушылар үлесі | % | 60% | 70% | 75% | 80% | 85% | 90% |
| Оқушылардың мектепке қанағаттану деңгейі | % | 65% | 70% | 75% | 80% | 85% | 90% |
| 7-мақсат: Салауатты өмір салты және қауіпсіздік | |||||||
| Спорттық үйірмелерге қатысу деңгейі | % | 55% | 65% | 70% | 75% | 80% | 85% |
| Оқушылардың денсаулық көрсеткіштері (медициналық бақылау) | % | 70% | 72% | 75% | 77% | 80% | 82% |
| Қауіпсіз ортаға қанағаттану деңгейі | % | 60% | 70% | 75% | 80% | 85% | 90% |
| 8-мақсат: Әдістемелік шарттарды жетілдіру | |||||||
| ӘБ отырыстарында инновациялық тәжірибелерді талқылау саны | отырыс | 3 | 5 | 6 | 7 | 8 | 10 |
| Мұғалімдердің кәсіби байқауларға қатысу үлесі | % | 20% | 30% | 40% | 50% | 60% | 70% |
- Іс-шаралар жоспары
| Стратегиялық бағыт | Стратегиялық басымдық | Іс-шаралар | Мақсаты | Мерзімі | Қатысушылар | Жауапты | Күтілетін нәтиже | |
| Білім сапасы | Ішкі бақылауды жетілдіру | 0-срез, аралық бақылаулар | Білім сапасын мониторингтеу | Қыркүйек–мамыр | Мұғалімдер | Оқу ісі меңгерушісі | ≥65% | |
| Кадрлық әлеует | Lesson Study енгізу | 3 зерттеу тобы құру | Зерттеу мәдениетін дамыту | Жыл бойы | Мұғалімдер | ӘБ жетекшілері | ≥5 зерттеу жұмысы | |
| Цифрландыру | EdTech енгізу | Google Workspace курстары | Цифрлық құзыреттілікті арттыру | Жыл бойы | Мұғалімдер | ІТ-координатор | ≥60% мұғалім қолданады | |
| Білім беру мазмұны | Сараптау | Оқу бағдарламаларын талдау | Сапаны арттыру | Мамыр | Мұғалімдер | Әкімшілік | Кемінде 2 ұсыныс | |
| Оқушы қабілеті | Үйірмелер | Жаңа шығармашылық үйірме ашу | Оқушыларды қамту | Жыл бойы | Оқушылар | ДТЖ орынбасары | ≥7 үйірме | |
| Тәрбие жұмысы | Мектеп мәдениеті | «Сенім бұрышы», «Оқушы дауысы» жобасы | Қауіпсіз орта құру | Жыл бойы | Оқушылар, ата-аналар | ДТЖ орынбасары | ≥70% қамту | |
| Салауатты өмір | Спортты дамыту | «Денсаулық фестивалі» | Салауатты өмірді насихаттау | Жыл бойы | Оқушылар | Дене тәрбиесі мұғалімдері | ≥65% қатысу | |
| Әдістемелік шарттар | Инновация | ӘБ-де LS тәжірибесін талқылау | Кәсіби дамуды арттыру | Жыл бойы | Мұғалімдер | ӘБ жетекшілері | 3 талқылау | |
| 2026–2027 оқу жылы | ||||||||
| Стратегиялық бағыт | Стратегиялық басымдық | Іс-шаралар | Мақсаты | Мерзімі | Қатысушылар | Жауапты | Күтілетін нәтиже | |
| Білім сапасы | Жаңартылған мазмұн | Оқу бағдарламаларын сараптау | Сапаны арттыру | Қыркүйек–мамыр | Мұғалімдер | Әкімшілік | ≥68% | |
| Кадрлық әлеует | Action Research енгізу | 5 жоба қорғау | Инновациялық құзыреттілікті дамыту | Жыл бойы | Мұғалімдер | ӘБ жетекшілері | ≥7 жоба | |
| Цифрландыру | EdTech кеңейту | Padlet, Jamboard қолдану | Интерактивтілікті арттыру | Жыл бойы | Мұғалімдер | ІТ-координатор | ≥70% мұғалім қолданады | |
| Білім беру мазмұны | Кросс-пәндік жобалар | 3 интеграцияланған сабақ өткізу | Пәнаралық байланысты нығайту | Жыл бойы | Мұғалімдер | ОӘБ жетекшілері | ≥3 жоба | |
| Оқушы қабілеті | Ғылыми жобалар | Ғылыми жоба апталығы | Зерттеу дағдысын дамыту | Қараша | Оқушылар | Ғылыми жетекшілер | ≥8 жоба | |
| Тәрбие жұмысы | Ұлттық құндылық | «Ұлттық код» апталығы | Ұлттық мәдениетті нығайту | Қараша | Оқушылар, ата-аналар | Тәрбие бөлімі | ≥75% оқушы қатысу | |
| Салауатты өмір | Жастар спорты | «Жас спортшылар лигасы» | Қызығушылықты арттыру | Жыл бойы | Оқушылар | ДТЖ орынбасары | ≥8 спорт үйірмесі | |
| Әдістемелік шарттар | Кәсіби даму | Мұғалімдер семинарлары | Әдістемелік қолдау | Жыл бойы | Мұғалімдер | Әдіскер | 2 семинар | |
| 2027–2028 оқу жылы | ||||||||
| Стратегиялық бағыт | Стратегиялық басымдық | Іс-шаралар | Мақсаты | Мерзімі | Қатысушылар | Жауапты | Күтілетін нәтиже | |
| Білім сапасы | Диагностика | ҰБТ, ЖББ мониторинг | Сапаны бағалау | Жыл бойы | 11-сынып | Әкімшілік | Орташа балл ≥4.2 | |
| Кадрлық әлеует | Жас мамандарды қолдау | «Жас ұстаз» мектебі | Жас мамандардың дамуы | Қазан–мамыр | Жас мұғалімдер | Директор орынбасары | ≥90% тұрақтайды | |
| Цифрландыру | STEM дамыту | STEM зертхана жабдықтау | Инновация енгізу | Жыл бойы | Мұғалімдер, оқушылар | ІТ-координатор | STEM үйірмесі ашылады | |
| Білім беру мазмұны | Жаңашыл әдістер | Авторлық бағдарлама әзірлеу | Мазмұнды байыту | Жыл бойы | Мұғалімдер | ОӘБ жетекшілері | ≥2 бағдарлама | |
| Оқушы қабілеті | Олимпиада | Пәндік олимпиада өткізу | Қабілетті анықтау | Ақпан | Оқушылар | Пән мұғалімдері | ≥5 жүлдегер | |
| Тәрбие жұмысы | Қауіпсіз орта | «Буллингсіз мектеп» жобасы | Психологиялық қауіпсіздік | Жыл бойы | Оқушылар | Әлеуметтік педагог | ≥80% қанағаттану | |
| Салауатты өмір | Дене дайындығы | «Олимпиадалық резерв» | Спортшыларды іріктеу | Жыл бойы | Оқушылар | Дене тәрбиесі мұғалімдері | 2 спортшы ауданға өтеді | |
| Әдістемелік шарттар | Инновация | AR/VR сабақтарын сынақтан өткізу | Цифрлық әдістеме | Жыл бойы | Мұғалімдер | ІТ-координатор | 2 сабақ | |
| 2028–2029 оқу жылы | ||||||||
| Стратегиялық бағыт | Стратегиялық басымдық | Іс-шаралар | Мақсаты | Мерзімі | Қатысушылар | Жауапты | Күтілетін нәтиже | |
| Білім сапасы | Зерттеу | Авторлық бағдарламалар | Әдістемелік қор қалыптастыру | Жыл бойы | Мұғалімдер | ӘБ жетекшілері | ≥3 бағдарлама | |
| Кадрлық әлеует | Педагог мәртебесі | «Үздік педагог» байқауы | Кәсіби деңгейін арттыру | Мамыр | Мұғалімдер | Әкімшілік | 2 мұғалім марапат | |
| Цифрландыру | Толық енгізу | Электрондық сабақтар банкі | 100% цифрлық жоспар | Жыл бойы | Мұғалімдер | ІТ-координатор | Электронды база | |
| Білім беру мазмұны | Кросс-пәндік интеграция | Жобалық сабақтар | Шығармашылықты дамыту | Жыл бойы | Мұғалімдер | ӘБ жетекшілері | ≥5 жоба | |
| Оқушы қабілеті | Жоба қорғау | Ғылыми-практикалық конференция | Ғылыми ойлау дамыту | Наурыз | Оқушылар | Ғылыми жетекшілер | ≥12 жоба | |
| Тәрбие жұмысы | Жастар лидерлігі | «Оқушы парламенті» | Лидерлік дағды қалыптастыру | Жыл бойы | Оқушылар | Тәрбие бөлімі | ≥80% белсенділік | |
| Салауатты өмір | Спорт | «Салауатты ұрпақ» бағдарламасы | Спортты жүйелеу | Жыл бойы | Оқушылар | ДТЖ орынбасары | ≥10 үйірме | |
| Әдістемелік шарттар | Байқау | «Инновациялық сабақ» байқауы | Жаңа әдісті насихаттау | Мамыр | Мұғалімдер | Әдіскер | 5 үздік сабақ | |
| 2029–2030 оқу жылы | ||||||||
| Стратегиялық бағыт | Стратегиялық басымдық | Іс-шаралар | Мақсаты | Мерзімі | Қатысушылар | Жауапты | Күтілетін нәтиже | |
| Білім сапасы | Қорытынды | Жаңа даму бағдарламасын әзірлеу | Жаңа стратегия құру | Мамыр | Әкімшілік, педагогтер | Директор | 2030–2035 бағдарлама | |
| Кадрлық әлеует | Зерттеушілік мәдениет | 10 жоба жинақтау | Тәжірибе тарату | Жыл бойы | Мұғалімдер | ӘБ жетекшілері | ≥10 жоба | |
| Цифрландыру | Инновация | VR/AR, AI сабақтар | Жаңа технология енгізу | Жыл бойы | Мұғалімдер | ІТ-координатор | ≥5 сабақ | |
| Білім беру мазмұны | Диагностика | Оқу мазмұнын сараптау | Жаңарту | Жыл бойы | Мұғалімдер | ОӘБ жетекшілері | 2 ұсыныс | |
| Оқушы қабілеті | Жоба | Аймақтық ғылыми байқау | Жетістіктерді арттыру | Сәуір | Оқушылар | Ғылыми жетекшілер | 5 жүлде | |
| Тәрбие жұмысы | Қоғаммен байланыс | «Ашық мектеп» жобасы | Қамқоршылық серіктестік | Жыл бойы | Ата-аналар, қоғам | Әкімшілік | Белсенді кеңес | |
| Салауатты өмір | Қорытынды | Спорт жетістіктерін сараптау | Жаңа бағдарлама құру | Мамыр | Оқушылар | Дене тәрбиесі мұғалімдері | ≥85% қатысу | |
| Әдістемелік шарттар | Жүйелеу | 5 жылдық әдістемелік жинақ | Тәжірибе тарату | Мамыр | Мұғалімдер | Әдіскер | Жинақ басылымы | |
9. Күтілетін нәтижелер
- Білім сапасы 75%-ға жетеді
- Мұғалімдердің 70%-ы LS/AR қолданады
- EdTech толық енгізіледі (100%)
- Жылына кемінде 15 ғылыми жоба қорғалады
- Мектеп мәдениеті – сенімге, ынтымақтастыққа негізделген ортаға айналады
- Оқушылардың ≥85%-ы спорттық және шығармашылық үйірмелерге қатысады
10. Мониторинг және бағалау механизмі
- Жыл сайын педагогикалық кеңесте аралық мониторинг жүргізіледі
- SMART индикаторлар бойынша талдау жасалады
- Мониторинг қорытындысына қарай жоспарға түзетулер енгізіледі
- Бақылау өлшемдері: білім сапасы %, LS/AR жобалары саны, EdTech қолдану деңгейі, оқушылар қанағаттануы