uafcwfl1h4itjm36ixv7ntc71xj4po8m

Мектебімізде 5–10 сынып оқушыларының қатысуымен «Істегі идея» байқауы ұйымдастырылды. Аталған іс-шара «Startup» жобасы аясында өткізіліп, оқушылардың инновациялық ойлауын дамытуға, шығармашылық бастамаларын қолдауға және жас стартапшыларға бағыт-бағдар беруге арналды.

Байқау барысында қатысушылар өздерінің тың идеяларын ұсынып, жобаларын қорғады. Оқушылар креативтілігімен, ізденімпаздығымен және болашаққа деген көзқарасымен ерекшеленді.

 Байқаудың демеушілері:
• «Chicken_kst» – жеңімпаздарға 3000, 5000 және 10 000 теңгелік сертификаттар табыстады;
• ИП «Масабаев» – қатысушыларға арнайы сыйлықтар ұсынды;
• Мектептің Қамқоршылық кеңесі – ынталандыру сыйлықтарын әзірледі.

Байқау жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға үлкен тәжірибе мен шабыт сыйлады. Ұсынылған жобалар оқушылардың заманауи ойлау қабілеті мен кәсіпкерлікке деген қызығушылығын айқын көрсетті.

Жас стартапшыларға алдағы уақытта да шығармашылық табыс, тың идеялар мен үлкен жетістіктер тілейміз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *