Мектепте «Еңбек адал – жас өрен» жобасы аясында «Нан – еңбек пен берекенің символы» атты сыныптан тыс іс шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды еңбекті құрметтеуге, нанның қадірін түсінуге, адал еңбек етуге тәрбиелеу.
Іс- шара барысында оқушыларға нанның тарихы, оны өндірудегі еңбектің маңызы туралы мәлімет беріліп, мақал-мәтелдер, өлеңдер мен көріністер ұсынылды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, нанның адам өміріндегі орны жайында пікір алмасты.
Іс-шара жылы әрі тәрбиелік мәні зор рухта өтті. Бұл сабақ оқушылардың еңбексүйгіштік, ризашылық және адалдық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталды.