image

Бастауыш сыныптың онкүндігі аясында 3-сынып оқушылары арасында «Мамандықтар әлеміне саяхат» атты танымдық сайыс ұйымдастырылды. Іс-шараны ұзартылған күн тобының тәрбиешілері өткізді.

Сайыстың негізгі мақсаты – оқушыларды әртүрлі мамандықтармен таныстыру, олардың қоғамдағы рөлі мен маңызын түсіндіру, сондай-ақ балалардың шығармашылық қабілеттері мен сахналық мәдениетін дамыту.

Сайыс барысында оқушылар түрлі мамандық иелерінің бейнесін сомдап, өз өнерлерін ортаға салды. Қатысушылар білімдерін, тапқырлықтарын көрсетіп, белсенділік танытты. Әр кезең қызықты әрі мазмұнды өтіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Іс-шара оқушылардың болашақ мамандыққа деген қызығушылығын арттырып, еңбекке деген құрмет сезімін қалыптастыруға ықпал етті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *