Мектебімізде 3-сынып оқушылары арасында «Мамандықтар әлемі» атты танымдық викториналық ойын өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың мамандықтар туралы білімдерін кеңейту, әр кәсіпке деген құрмет сезімін қалыптастыру және танымдық қабілеттерін дамыту.
Ойын барысында оқушылар «Әріпке сәйкес мамандық айт», «Мамандықты таны», «Адасқан әріптер», «Жұбын тап» және викториналық сұрақтар кезеңдері бойынша білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Сонымен қатар, жұмбақтар шешу арқылы түрлі мамандықтарды анықтады.
Іс-шара қорытындысында белсенділік танытқан топтар марапатталып, жеңімпаздар анықталды.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың мамандықтарға деген қызығушылығын арттырып, болашақ мамандық таңдауға бағыт береді.