image

2026 жылдың 23 қаңтарында мектебіміздің акт залында 7–10 сынып оқушылары арасында «Мамандық марафоны» аясында «Мамандықтар туралы өлеңдер» атты шығармашылық байқау ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларды түрлі мамандықтармен таныстыру, еңбекке деген құрмет сезімін қалыптастыру және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.

Байқауға қатысқан оқушылар өз таңдаған мамандықтарын сахналық қойылым, ән, агитбригада және көркем сөз арқылы жан-жақты таныстырып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Әр топ өз өнерлері арқылы мамандықтың маңыздылығын, қоғамдағы орнын және болашақтағы рөлін шебер жеткізе білді.

Байқау қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен топтар «Үздік сахналық қойылым», «Үздік вокал», «Мамандықты үздік таныстыру», «Шығармашыл топ», «Көрермен көзайымы» номинациялары бойынша марапатталды. Сонымен қатар жетекші мұғалімдерге алғыс хаттар табысталды.

Аталған байқау оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыруға, өз қабілеттерін тануға және болашақ мамандық таңдауға деген қызығушылығын арттыруға үлкен ықпал етті.

https://www.instagram.com/reel/DUS5l_ZiCcu/?igsh=MWxnbzl3eWk2NzZoNQ==

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *