dni-proforientacii-v-rgdb-1
  • Балаңыздың болашақ мамандығын өзі таңдауына мүмкіндік беріңіз.
  • Онымен бірге өзі таңдаған мамандыққа «қарсылық»  пен «қолдауды» бірге отырып талқылаңыз.
  • Мамандық таңдар кезінде тек материалдық пайданы ғана ойламай, балаңыздың рухани қанағаттанудың да естен шығармаңыз.
  • Болашақ мамандық таңдар кезде балаңыздың сол кәсіпке деген жарамдылығын да байқаңыз.
  • Егер мамандық таңдау барысында  қарама-қайшылық туындап жатса, кеңесші мамандармен ақылдасыңыз.
  • Мамандық таңдауда балаңызды қыспалай бермеңіз, әйтпесе бұл қақтығыстарға алып келуі мүмкін.
  • Балаңыздың арманы орындалу үшін оған барынша қолдау көрсетуге тырысыңыз.
  • Егер балаңыз мамандық таңдауда  қателескен болса, ол үшін кінәламаңыз, оны жөндеуге болады.
  • Егер балаңыз қандай да бір мамандыққа ертеден әуестене бастаса оған үйірмелер, әдебиеттер әр түрлі сабақтардың көмегімен осы қызығушылығын сақтауға мүмкіншілік беріңіз.
  • Балалар өз ата-аналарының мамандығына қатысты маман таңдауы да мүмкін екенін есіңізге алыңыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *