logo

Заречный №1 жалпы білім беретін мектебінде «Саналы мансап» пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. 2025 жылы мектеп пен «Smart Bolashag» корпоративтік қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қазіргі таңда мектеп пилоттық алаң ретінде кәсіби бағдар берудің заманауи құралдарын енгізіп, олардың тиімділігін тәжірибеде қолдануда.

Жобаның мақсаты – оқушыларға болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесу және олардың білім сапасын арттыру.

Жоба аясында қолданылып жүрген AI профориентатор стенді оқушылардың қабілеті мен қызығушылығын анықтап, кәсіби бағдарлау тесттерін өткізуге, сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат беруге және оқу орындары жөнінде мәлімет ұсынуға мүмкіндік береді.

Бұл құрал оқушылардың өзін тануына, кәсіби бағытын ерте анықтауына және болашаққа сенімді қадам жасауына ықпал етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *