
Мектебімізде «Еңбек адал – жас өрен» жобасы аясында «Күзгі асар» жәрмеңкесі өткізілді. Шараның мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа, табиғатты аялауға, отансүйгіштік пен жауапкершілікке тәрбиелеу.
Жәрмеңкеде күзгі егін өнімдері, табиғи материалдар мен орманның сыйлықтары – жемістер, көкөністер, жаңғақтар, кептірілген шөптер және қолөнер бұйымдары көрмеге қойылды. Әр сынып өз еңбектерін шығармашылықпен безендіріп, өнімдерін ұсынды.
Іс-шара барысында оқушылар мен ата-аналар белсенділік танытып, мектеп аумағында жылы, мерекелік көңіл күй қалыптасты. «Күзгі асар» жәрмеңкесі балалардың еңбексүйгіштік дағдысын дамытып, ұжымдық бірлікті нығайтты.
